Трамптың тыйымына қарамастан Израиль Иранға шабуыл жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иранның атысты тоқтататыны мәлімдеді. Алайда бітімге келгеннен кейін Израиль Иранның келісімді бұзғанын алға тартып, шабуыл жасайтынын мәлімдеді.
Трамп әлеуметтік желіде Израильге шабуылды дереу тоқтатып, ұшақтарын кері қайтаруды талап етті.
«Израиль. Бұл бомбаларды тастамаңдар! Егер тастасаңдар – бұл келісімді бұзу болып саналады. Өз ұшқыштарыңды дереу қайтарыңдар!», – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Талабы орындалмаған соң, АҚШ президенті Нетаньяхуға телефон арқылы хабарласқан. Сөйлесіп болған соң, Трамп Израильдің Иранға шабуыл жасамайтынын мәлімдеп, Изарильдің шабуылдауға жіберген ұшақтары кері қайтатынын жеткізген. Сонымен бірге Трамп келісім бойынша Иранның енді ядролық нысандарын қалпына келтірмейтінін атап өтті.
Алайда Израиль сол аралықта Тегеран маңына екі бомба тастап үлгергенін Иран тарапы хабарлады.
Еске сала кетсек, Трамп Израиль мен Иранның атысты толық және түбегейлі тоқтату туралы келісімге келгенін хабарлаған болатын. АҚШ басшысы атысты бірінші болып Иран тоқтататынын, артынша Израиль тоқтататынын жеткізді. Солайша 12 күндік соғысқа нүкте қойлатынын айтқан еді.