Жаңалықтар

Ғалымжан Ерназаров «жала жапты» деп Наркенже Серікбаеваны сотқа берді

Ғалымжан Ерназар мен Наркенже Серікбаева арасындағы дау сотқа жетті / коллаж: Рауан Мутаир
Ғалымжан Ерназар мен Наркенже Серікбаева арасындағы дау сотқа жетті / коллаж: Рауан Мутаир

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директоры Ғалымжан Ерназаров Наркенже Серікбаеваның сөздерін жоққа шығарды.

Сонымен қатар, «жала жапты» деп сотқа арызданатынын мәлімдеді.

«Мен отбасылы, анам бар азаматпын. Маған, менің отбасыма күйе жағылып жатыр. Бұл заң мені де қорғайды деген ойым бар. Заң аясында сотқа шағымдандым», – деді Ғалымжан Ерназаров.

Ол соттың шешімін күтіп, содан кейін мән-жайын әлеуметтік желіге салатынын хабарлады.

«Мені жұмыстан қудалап жатыр» дегені шындыққа мүлде жанаспайды. Оның әлеуметтік парақшасынан өздеріңіз көріп отырсыздар, бір күні – Қарағанды да, бір күні Жезқазғанда.

Айта кететін жайт, мұның алдында Наркенже Серікбаева филармония директоры Ғалымжан Ерназарды харассмент жасады деп айыптаған болатын. Сондықтан жұмыста қысым көргенін айтып шағымданған еді.

«Ашындырып, ашындырып мені осындай жағдайға жеткізді! Филорманияда қанша жыл жұмыс жасадым… Мұндай әділетсіздік көрген емеспін! Енді осы жолы шығатын жеріме дейін шығамын», – деп мәлімдеген еді әнші.