Нидерланды Украинаға 175 млн еуроға әскери көмек береді

Нидерланды билігі Украинаға 175 млн еуро көлемінде әскери көмек береді. Бұл жайлы елдің қорғаныс министрі Рубен Брекелманс хабарлады.
«Радар жүйелері, ұшқышсыз көліктер мен дрондарды қамтитын жаңа 175 миллион еуро көлеміндегі қолдау пакетін жариялаймын» , – деп жазды ол парақшасында.
Оның түсіндіруінше, украиналық компаниялармен 600 мың дрон шығаратын, жалпы құны 500 млн еуроны қамтитын келісім-шарт жасалған.
Осыған дейін Амстердам билігі Украинаға 24 F-16 жойғыш ұшақтарын беретінін хабарлады. Әскери техниканы жеткізіп қана қоймай, украиналық ұшқыштарды оқытумен айналыспақшы. Ал 2026 жылы Киевті қолдау үшін 3,5 млрд еуро көлемінде қор құруды жоспарлап отыр.
Осыған дейін Еуроодақ Украинаға 1 млрд еуро аударғанын жазған едік. Қаражат Ресейдің шетелдегі бұғатталған шоттарынан алынды.