Отандық әуе компаниялар бірқатар елге баратын рейстерді шектеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қарабаев Көлік министрлігінің 19 жаңа бағытттарға әуе рейстерін ашуды жоспарлап отырғанын айтты
әуе рейстері

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне қазақстандық әуе компаниялары рейстерін уақытша тоқтатты. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мәліметінше, бірқатар елге ұшуға ресми түрде шектеу енгізілді.

Соңғы мәліметке сәйкес, шектеулер келесі елдерде қолданылады:

  • Израиль әуе кеңістігі толық жабық;
  • Иран әуе кеңістігі толық жабық (оның ішінде Парсы және Оман шығанақтары);
  • Ирак, Иордания, Ливан — зымыран мен дрон шабуыл қаупіне сәйкес ұшулар уақытша шектелді
  • Кувейт, Бахрейн, БАӘ — рейстерді шектелді және тоқтатылды, ішінара қақтығыс аймағына жақын маршруттар бұғатталды

«Қазақстандық авиакомпаниялардың Парсы шығанағы елдеріне ұшуға бағытталған рейстерді тоқтата тұруы аймақтағы әскери-саяси жағдайдың күрт шиеленісуіне негізделген мәжбүрлі шара. Әуе компаниялары қабылдаған шешім халықаралық тәжірибеге сәйкес қабылданды. Басты мақсат — жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деп жазылған Қазақстан авиациялық әкімшілігі таратқан хабарламада.

Тоқтатылған немесе кейінге шегерілген рейстер бойынша жолаушылар
тегін қайта бронь қоя алады немесе әуе билеттерінің құнын толық қайтарып ала алады.

Ірі халықаралық авиатасымалдаушылар да рейстерді уақытша тоқтатты. Олардың қатарында Air France-KLM, United, American Airlines, Japan Airlines, Air Canada
Дубай, Доха және Эр-Риядқа ұшуды тоқтатты. Emirates қақтығыс аймағын айналып,
ұшуды жалғастырды.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлерге хабарласу қажет:

Air Astana
help.airastana.com

+7 727 244 4477 (24/7)
+7 7172 584477 (24/7)
+7 702 702 4477 (24/7)
+7 7272 44 44 78 (24/7)
WhatsApp: +7 702 702 00 74 (24/7)Online chat: airastana.com (24/7)

SCAT
+7 7252 99 88 80
+7 701 738 25 76

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі
+7 7172 79 82 15

Еске салайық, Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа байланысты Wizz Air Abu Dhabi авиакомпаниясы Астана – Абу-Даби арасындағы рейстерді тоқтатқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз