
«АвтоВАЗ» компаниясы 2026 жылдың бірінші жартысында өзінің жаңа флагмандық моделі — LADA Azimut кроссоверінің сериялық өндірісін бастайтынын ресми түрде жариялады. Бұл – LADA бренді тарихындағы алғашқы кроссоверлердің бірі және модельдік қатардағы ең қымбат көлік болмақ.
Үш жылдық жұмыстың нәтижесі
«АвтоВАЗ» мамандарының айтуынша, LADA Azimut жобасы толығымен ресейлік инженерлердің күшімен үш жыл бойы жасалды. Концепция мен дизайннан бастап, құрылымын жобалау, өндіру және барлық жүйелердің, функциялардың, жүріс сапасының баптауларына дейінгі жұмыстар жергілікті мамандар тарапынан атқарылған.
Көлік үшін арнайы 996 жаңа және жетілдірілген бөлшек әзірленді. Олардың қатарында – шанақ панельдері, жарықтандыру жүйелері, интерьер элементтері және мүлде жаңа артқы аспа жүйесі бар.

LADA Azimut ұзындығы 4400 мм-ден асады, ал дөңгелек базасы — 2675 мм. Бұл өлшемдер оны Haval Jolion, Chery Tiggo 4, Geely Coolray және оның беларусьтік нұсқасы Belgee X50 секілді B+ сегментіндегі ықшам кроссоверлер қатарына қосады.
«АвтоВАЗ» жаңа кроссоверді кең, отбасылық әрі әмбебап көлік ретінде таныстырады.
Жаңаша «Х-дизайны»
Azimut-тің сыртқы көрінісі — LADA-ның қазіргі Granta, Vesta, Largus және Aura модельдеріне тән «Х-дизайнның» жаңаша интерпретациясы
Интерьер мен технологиялар
Көлік салонында бірқатар заманауи функциялар қарастырылған:
- Смартфонға арналған сымсыз қуаттағыш;
- Руль мен орындықтардың электр реттегіш жүйесі;
- Екі аймақты климат-бақылау;
- 10 дюймдік экранмен жабдықталған мультимедиялық жүйе;
- Сбердің оффлайн және онлайн сервистері;
- 6 динамикадан тұратын аудиожүйе;
- Навигациямен біріктірілген цифрлы құралдар панелі.

LADA Azimut-тің қосымша жабдықтары:
- Панорамалық шатыр және люк;
- Жүксалғыш есігінің электрлі жетегі;
- Толық шолу камерасы;
- Электрлі тұрақ тежегіші;
- Жол жағдайына бейімделетін қозғалыс режимдері.
Базалық нұсқада-ақ артқы көрініс камерасы, толық жарықдиодты оптика, шиналардағы қысымды бақылау жүйесі мен кілтсіз кіру жүйесі қолжетімді болады.

Бағасы
Сериялық өндіріс 2026 жылдың бірінші жартысында — шамамен екінші және үшінші тоқсан шекарасында басталады. Нақты өндіріс және сатылым бастау мерзімдері кейінірек хабарланады. «АвтоВАЗ» президенті Максим Соколовтың айтуынша, Azimut бағасы «B+ сегментінің жоғарғы шегінде» орналасады.
Осыған дейін, АвтоВАЗ өз тарихында алғаш рет кроссовер шығаратыны хабарлады. LADA B-Plus Cross жаңа шағын кроссовері өндіріске 2026 жылы өндіріске енгізіледі деп күтілуде.