СІМ өкілі Армениядағы жағдайға пікір білдірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
СІМ Армениядағы жағдайға пікір білдірді/коллаж kursiv.media

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Армениядағы жағдайға пікір білдірді. Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, Армениядағы оқиғалар – бұл сол елдің ішкі ісі.

«Қазақстан Армениямен достық пен стратегиялық серіктестік рухында толыққанды ынтымақтастықты дамытып жатыр. Елдеріміз арасында қалыптасқан өзара сенім атмосферасын бағалаймыз. Армян халқына тыныштық пен амандық тілейміз», – деді Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекет тоқтатылғанын мәлімдеді.

«Құқық қорғау органдары Армения Республикасын тұрақсыздандырып, билікті күшпен басып алуға бағытталған қылмыстық жоспардың жолын кесті», – деп жазды ол.

Сондай-ақ БАҚ архиепископ Баграт Галстанян теракт ұйымдастыруға және билікті күшпен басып алуға тырысты деген күдікке ілінгенін жазды. Қазір Галстанян қамауға алынған.

Сондай-ақ оқыңыз