LRT вагондарына граффити салғандарға қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
LRT вагондарына бәзбіреулер сурет салып кеткен/фото: Асқар Ахметуллин

Астанада бәзбіреулер LRT-ның жаңа вагондарына граффити салып кеткен. Ақпаратты City Transportation Systems компаниясы растады.

«Вагондардың сыртқы бетіне граффити салу фактісі тіркелді. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп мәлімдеді компания.

Вагондарда бояу сіңіп кетпеуі үшін арнайы қабат бар. Ол граффитиді өшіруге мүмкіндік береді.

«Бояуды кетіру жұмыстары басталды», – деп хабарлады CTS.

Айта кетейік, бұған дейін Сity Transportation Systems компаниясы №101 бекетте екі вагоннан тұратын жеңіл рельсті көлік құрамын көтеру сәтті жүзеге асқанын хабарлады.

Екінші вагон қаладағы Abu Dhabi Plaza бизнес-орталығы маңында орналасқан №112 станциядағы рельске қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз