Lifestyle

Гив пен лотереяның қандай айырмасы бар – блогер NNN мен Ерболат Жанабылов жауап берді

NNN мен Ерболат Жанабылов гив пен лотерея туралы айтты/коллаж kursiv.media

Блогер NNN мен Ерболат Жанабылов гив пен лотереяның айырмасы туралы айтты. Қаржы мониторингі агенттігі ұйымдастырған «21 ғасырдың қаржы триггерлері» тақырыбында өткен форумда блогерлер алаяқтардың арбауына түсіп қалмау туралы сөз қозғады.

Формуда журналист Динара Сәтжан бір кездері гив ұйымдастырғанын айтып өтті.

«Гив басқа, лотерея басқа. Гивке адамдар тегін қатысады. Ол жерде ешкім ақша төлемейді. Ақшаны тек демеушілер төлейді. Гивті ұйымдастырып жатқан адам уәдені орындамауы керек. Оның ішінде ұтыс ретінде айтылған сыйлықты беріп, демеушілерге алдын ала айтқан жазылушыларды жинап береді. Ал шотыма 1000 теңге жібер деп, билет сатып ойнататын лоторея заңсыз», – дейді блогер Нұрдәулет Бектұрсын..

Блогер Ерболат Жанабылов гивке қатысудың еш қиындығы жоқ екенін, ұтыстан кейін тіркелген аккаунттарды өшіріп тастауға болатынын айтады.

«Бұл жерде демеуші мен блогер үшін плюс. Бірақ жазылушылардан ақша алмайсың. Тек басқа аккаунтқа тіркелуін сұрайсың. Адам қаламаса қайта өшіре алады. Лотерея мен гив екеуі бір емес. Ол жерде ақша алады», – дейді Жанабылов.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем Ниязқұлованың күйеуімен бірге автокөліктер, пәтерлер және басқа да құнды сыйлықтарды ұтысқа қойғаны белгілі болды. Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.