Тоқаев Словения президентін құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Словения президентіне жеделхат жолдады/фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Словения президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан президенті Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

«Астана мен Любляна арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Сіздің биылғы көктемде Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Біз қол жеткізген уағдаластықтар қазақ-словен сан қырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 2025 жылдың наурызында Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келді. Сапар барысында ол әнші Димаш Құдайбергеннің өнерін сүйіп тыңдайтынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз