Елімізде жарты жылда 14 мың шенеунік заң бұзған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
14 тысяч казахстанских чиновников нарушили закон
Заң бұзған шенеунік саны жарияланды/фото: shutterstock

Бас прокуратура жарты жылдағы жұмысты қорытындылады. Соған сәйкес, әлеуметтік-экономикалық салада 2 миллионнан астам азаматтың құқығы қорғалған, 14 мыңнан астам лауазымды тұлға жауапқа тартылған.

Жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ өндіру, бағалы металдар айналымы, балық аулау және экспорттау, медициналық сақтандыру, спорт және басқа да әлеуметтік маңызы бар салалардағы тексерулердің қорытындысы бойынша 100 қылмыстық іс қозғалып, 58 адам сотталды.

Прокуратура ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік айыптау 12,5 мың қылмыстық іс бойынша қолдау тапты. Қадағалау шеңберінде 425 адамға қатысты сот актілері заңға сәйкестендірілді, 248 сотталушының жағдайы жақсарды.

Кибералаяқтыққа қарсы күрес күшейтілген. Нәтижесінде үш халықаралық қылмыстық колл-орталық жойылды. Прокуратураның үйлестіруімен «СИМ-бокстарды» пайдалану бойынша 47 сотқа дейінгі тергеу басталды, 82 құрылғы және 50 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді, 36 адам, оның ішінде 16 шетелдік ұсталды. 4 іс бойынша үкім шығарылды.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Катар және Кипрмен үш келісім ратификацияланды. 27 адам экстрадицияланды, 66 адам шет мемлекеттерге берілді.

Бұған дейін Бас прокуратура Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін инвестор жобасы бойынша келіссөз жүргізуді созбалаңға салды деп айыптады.

Сондай-ақ оқыңыз