Алматы облысы өңірдің нышанын өзгертеді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматы облысы өңірдің нышанын өзгертеді
Алматы облысы өңірдің нышанын өзгертеді/Коллаж: Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы облысының әкімдігі жаңа өңірлік нышан жобасын қоғамдық талқыға ұсынды.

Әкімдік жаңа нышан облыстың тарихи-мәдени мұрасын, табиғи ерекшеліктері мен өңірлік бірегейлігін бейнелейтін атап өткен.

«Аталған нышан жобасы – облыстың имиджін қалыптастыруға, ішкі бірлікті нығайтуға, сондай-ақ өңіріміздің болмысын көрнекі түрде көрсетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі», – делінген әкімдік хабарламасында.

Фото: Алматы облысы әкімінің сайты

Жаңа нышандағы орталық бейне – Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» бас киімі. Оны күш пен табиғаттың дәстүрлі рәміздері қоршап тұр: садақ пен жебелер, арқар, таутеке және қанатты тұлпар.

Композицияны шаңырақ, барыс бейнесі және бес апорт алмасы бар алма ағашы толықтырады. Бұл жердегі 05 өңірдің символы.

Елтаңбада Іле Алатауы, Іле өзені мен қыран құс бейнеленген. Түстік гаммасы көгілдір және алтын түстерден тұрады. «Алматы облысы» жазуы эмблеманың төменгі бөлігінде орналасқан.

Жобаның авторы — суретші, өнер магистрі Думан Жақанов.

Әкімдік азаматтарды өңірлік нышан жобасына байланысты пікір білдіруге шақырады.

Қоғамдық талқылау мерзімі 25 маусымнан бастап 10 шілдеге дейін жалғасады. Ұсыныс/пікірлерді daurenbaev.m@almobl.gov.kz электрондық поштасына жолдауға болады.

Былтыр мемлекеттік елтаңбаны өзгерту туралы бастама көтерілген. Алайда кейінірек мәселе күн тәртібінен алынып тасталды.

Сондай-ақ оқыңыз