Ер адам жанжалдан кейін азаматтық некедегі әйелінің көлігін өртеп жіберген

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Ер адам жанжалдан кейін азаматтық некедегі әйелінің көлігін өртеп жіберген/Фото: ЖИ/Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық соты бөтеннің мүлкін өртеу арқылы қасақана жою фактісі бойынша ер адамға қатысты шешім шығарды.

Оқиғаның мән-жайы

Сотталушы А. және оның азаматтық некедегі әйелі И. бастапқы жарна ретінде 800 мың теңге құйып, 4 млн теңгеге BMW530i автокөлігін несиеге сатып алған. Жәбірленуші И.-дің жүргізуші куәлігі болмағандықтан, ол аталған көлікті сақтандыру полисі бойынша өзінің азаматтық жұбайы А.-ға уақытша берген.

2025 жылғы наурыз айының соңында ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, А. ашулықпен көлікке бензин шашып өртеп жіберген.

Нәтижесінде жәбірленуші И.-ге ірі мөлшерде (4,4 млн теңге) залал келтірген.

Сот шешімі

Аталған әрекет қылмыстық кодекстік 202-бабы 2-бөлігі (бөтеннің мүлкін өртеу арқылы қасақана жою) бойынша сараланған. Аталған бап 3000-нан 7000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген.

Бұған дейін, Шерзат ісі бойына сотталғандар үкімге апелляциялық шағым түсіргенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз