Сайранда кәмелетке толмаған бала суға батып кетті
Жарияланды

Алматыдағы Сайран көлінде кәмелетке болмаған бала суға кетті. Полиция баланың денесін тапқанын хабарлады.
Полиция департаментінің мәліметінше, суда екі бала болған, біреуі жағаға өз бетінше шыққан..
Құтқарушылар іздеу жұмыстарынан кейін екінші баланың денесін тапқан.
Бұған дейін, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда шомылу маусымы қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлаған.
Қайғылы оқиға болған дәл осы Сайран көліне шомылуға рұхсат етілген.
Сәуір айында Алматы әкімдігі KursivMedia-ға Сайран көліндегі жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын екенін, барлық құрылыс жұмыстары 1 ай ішінде толық аяқталып, маусымнан бастап, пайдалануға берілетінін мәлім еткен.