
Kaspi Bank 2024 жылдың қорытындысы бойынша бір жай акцияға 1070 теңге көлемінде дивиденд төлейді. Қаржы ұйымы акционерлерінің жалпы жиындағы шешім Қор биржасы сайтында жарияланған.
Қазіргі кезде банктің 18,3 млн жай акциясы айналымда жүр. Осылайша акционерлер жалпы сомасы 19,6 млрд теңгеге дейін дивиденд алуы ықтимал.
Бұл – 2024 жыл үшін екінші төлем. Бұған дейін көктемде акционерлерге бір акцияға 2000 теңге көлемінде дивиденд берілген болатын.
Ал 2023 жылы үшін банк акционерлеріне төрт рет дивиденд төлеген: 3450, 6150, 4000 және 1800 теңге.
Kaspi Bank KASPI GROUP құрамына кіреді. eGov порталындағы деректерге сәйкес, Kaspi Group компаниясы Kaspi.kz пен аты-жөні ашық жазылмаған тағы бір акционерге тиесілі. Ал Kaspi.kz түпкі иесі – Baring Vostok Funds (24%), Михаил Ломтадзе (23%) және Вячеслав Ким (21%). 31,7 пайыз акциясы еркін айналымда жүр.