Жаңа Салық Кодексі: Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістермен келісті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: ашық дереккөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Мәжіліс Сенаттың жаңа Салық кодексіне енгізген түзетулерді мақұлдап, құжат Президенттің қол қоюына жолданды. Құжатқа қол қйылған соң, заң 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс.

23 маусымда Сенат Салық кодексін қарап, жалы 131 түзету енгізді. Соның ішінде сенаторлар шаруа және фермер қожалықтары үшін жеке табыс салығына прогрессивті шкала енгізуді ұсынды. 230 мың АЕК-тен асатын табысқа 15% мөлшерлеме қолданылады. Қолданыстағы 70% жеңілдікті ескергенде, тиімді мөлшерлеме 4,5% болмақ.

Жоғары палата депутаттары KASE биржасында сатылатын бағалы қағаздардан алынатын дивидендті жеке табыс салығынан боасуды ұсынған. Бұл АХҚО-мен салыстырғанда салық айырмашылығын жою үшін қажет.

Сонымен қатар төлем карталары арқылы жасалатын операцияларды қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату нормасы сақталады. 10 мүмкіндігі шектеулі адамды жұмыспен қамтыған кәсіпорындардың сатқан тауары мен көрсеткен қызметі қосылған құн салығынан босатылады. Сенаторлардың ұсынытын толық мына жерден оқуға болады.

Жаңа Салық кодексінде қандай жеңілдік қарастырылған

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Салық кодексінің қабылдануына байланысты бірқатар маңызды өзгерістер енгізілгенін жазды. Олар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және әлеуметтік маңызы бар салаларды қолдауға бағытталған.

  1. Әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектер қосылған құн салығына босатылады
    Онкологиялық, орфандық, диабет, психикалық және аутоиммундық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерге 0% ҚҚС мөлшерлемесі қолданылады. Бұл олардың бағасының өсуіне жол бермейді.
  2. Әлеуметтік медициналық қызметтер ҚҚС- салынбайды.
    Арнайы тізім бойынша әлеуметтік ауруларға шалдыққан азаматтар үшін ақылы медициналық қызметтердің бағасы салық есебінен қымбаттамайды.
  3. ГОБМП және МӘМС аясындағы медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер де ҚҚС-тан босатылады
    Мемлекет кепілдік берген медициналық көмек шеңберіндегі барлық қызметтер мен дәрілер салықтан толық босатылды. Сонымен қатар ммпорттық бағалар мен сату бағасы салыстырылып, Денсаулық сақтау министрлігі бағаның негізсіз өсуін қадағалай алады.
  4. Кітаптар ҚҚС-тан босатылады
    Отандық баспа өнімдерін қолдау және кітаптың қолжетімділігін арттыру мақсатында бұл өнімдерге қосылған құн салығы алынбайды.
  5. Қаржы қызметтеріне салық салынбайды
    Банк аударымдары мен төлем карточкалары арқылы жүзеге асырылатын операциялар ҚҚС-пен ауырланбайды.
  6. Эндаумент қорлары үшін толық салық жеңілдігі қарастырылған
    Әлеуметтік және білім беру жобаларын қаржыландырумен айналысатын қорларға салынатын салық алынып тасталды.
  7. Инвестициядан түсетін дивидендтерге салық салынбайды
    Жеке тұлғалардың акциялардан түсетін табысы салықтан босатылды. Бұл шара IPO-ға қатысуды ынталандыруға бағытталған.
  8. Отандық баспа басылымдарына ҚҚС мөлшерлемесі 10% деңгейінде белгіленді
    Газет-журнал секілді өнімдердің бағасы төмендетілген салық мөлшерлемесі есебінен қолжетімді болады.

Сонымен қатар, депутат қабылданбаған ұсыныстар да бар екенін атап өтті. Олар қатарында букмекерлік кеңселер мен казиноларға салықты көтеру, трансмай қосылған өнімдерге акциз енгізу және мәдениет пен әлеуметтік қызмет саласындағы ұйымдарды корпоративтік табыс салығынан босату ұсыныстары бар. Бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз