
Оңтүстіккореялық әлемдік феноменге айналған «Кальмар ойыны» (Игра в кальмара 3) сериалының үшінші маусымын көптен күткен көрермендер үшін қуанышты жаңалық – жаңа бөлімдердің шығу күні белгілі болды.
Қашан шығады?
3-маусымның премьерасы 2025 жылдың 27 маусымына жоспарланған. Барлық 6 эпизод Netflix платформасында бір уақытта жарияланады.
Қазақстан уақытымен сериалдың жаңа маусымы 27 маусым күні шамамен сағат 12:00-де жарияланады.
Ресми трейлер жарық көрді
Жаңа маусымға арналған ресми трейлер 14 маусым күні жарияланды және жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Кальмар ойындарындағы» екінші маусымда көрсетілген ойындар қазақтың ұлттық ойындарымен ұқсастығын жазған едік.