Шерзат ісі: сотталғандар үкімге апелляциялық шағым түсірді

Шерзат ісі бойынша үкім шыққаннан кейін сотталғандар тарапынан апелляциялық шағым түскен. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев ресми түрде мәлімдеді.
Адвокаттың айтуынша, 21 маусымда үкім заңды күшіне енді. Сот шешімімен танысқан күннен бастап сотталғандар мен олардың қорғаушыларына үкімге шағымдануға 15 күн беріледі.
Қазіргі таңда бізге белгілісі – сотталушылар Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқасы барлығы апелляциялық шағым берген. Бұл шағымдар Алматы қалалық сотында қаралады. Қай күнге белгіленетіні жақын арада белгілі болады, — деді Шекеев.
Сондай-ақ адвокат әлеуметтік желілер мен журналистер тарапынан тарап жатқан жалған ақпараттарға да тоқталды.
Қаржаубайдың реанимацияға түскені туралы жалған ақпараттар тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Біз ресми әрі нақты ақпарат беруге дайынбыз, — деп түсіндірді Шекеев Алания қаласынан бейнеүндеу арқылы.
Еске сала кетейік, Шерзат ісі бойынша 5 маусым күні 9 күдіктіге қатысты сот үкімі шыққан еді. Абзал Шынасыл — 23 жылға, ал Равиль Сакиев — 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған жеті адам бұзақылық үшін 1,5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге сотталды