Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалдық матчтарын қайдан көруге болады?

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қызылжар Ордабасы матчын қайдан көруге болады? / фото: ҚФФ

Бүгін 25 маусым футболдан Қазақстан Кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчтар өтеді.

18:00-де Петропавл қаласында жергілікті «Қызылжар» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары алаңға шығады. Ал 20:00-де Қостанайда «Тобыл» мен Астананың «Жеңіс» клубтары өзара күш сынасады.

Екі кездесу де Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жартылай финал екі матчтан тұрады – қарымта ойындар 30 тамызға жоспарланған. Ал финалдық матчтың нақты күні әзірге жарияланған жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талғарда халықаралық FIFA стандартына сай жаңа футбол академиясы ашылатыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз