
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі күрделі кезеңде Қазақстан халқының Қaтар елімен ынтымақтас екенін жеткізді. Ол шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің саяси көрегендігінің арқасында өңірдегі шиеленіс одан әрі ушыға қоймағанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қатардың аймақтағы ең күрделі мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі байланысты одан әрі нығайтуға уағдаласты. Әңгіме барысында Қaтар Әмірінің Қазақстанға жоспарланған сапары да сөз болды.
Еске сала кетейік, Таяу шығыстағы шиілінскен жағдайдан кейін, Иран АҚШ-тың Ирак пен Катардағы әскери базаларын атқылаған. Қатар мен БАӘ уақытша әуе кеңістігін жапқан еді.