
Армения астанасы Ереванда енді Yandex Go сервисі арқылы тікұшаққа тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Қызмет премиум санаттағы Ultima аясында іске қосылды. Тікұшақ рейстерін Armenian Helicopters компаниясы орындайды.
Қызмет пайдаланушыларына екі түрлі тариф ұсынылады — Copter және Sky Tour.
Copter – Ереваннан немесе өзге қаладан қалаған бағытыңыз бойынша жеке сапарға арналған.
Sky Tour – Дилижан, Севан, Мегри, Горис және Гарни шатқалы сияқты көрікті жерлерге шолу экскурсиясы үшін қолайлы.
Ұшу шарттары:
- Тек күндізгі уақытта және қолайлы ауа райында ғана ұшуға болады.
- Ұшуға кем дегенде 2 сағат бұрын, әрі кетсе бір ай бұрын бронь жасалуы тиіс.
- Copter тарифінің бағасы минутпен есептеледі, ал Sky Tour – бекітілген бағада ұсынылады.
- Төлем алдын ала, Yandex Go қосымшасына тіркелген банк картасы арқылы алынады. Бағаға сақтандыру да кіреді.
Жолаушыларға қойылатын талаптар:
- Ұшуға ең көбі 5 адам қатыса алады.
- Жалпы салмақ (багажбен бірге) 410 келіден аспауы тиіс.
- Балалар үшін арнайы орындық ұсынылады.
- Үй жануарларын да арнайы торда бірге алып жүруге болады.
Бұған дейін Yandex гуманоид роботтарды шығаратыны туралы жазған едік.