1 млн киік Ресейге ауып кеткен: көрші ел оларды ату туралы шешім қабылдаған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Үкімет киіктерді тағы ата ма
Ресей өз территориясына ауған киіктерді атуға рұқсат берген / Фото: kursiv.media архив

Ресей өз территориясына ауып кеткен киіктерді атуға рүұсат берген. Бұл ақпаратты Үкімет сағатынан кейін өткен брифингте Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев растады.

Министрдің 1 млн бас ақбөкеннің мақсатты түрде Ресейге жіберілгенін айтты. Айтуынша, жануарлар ежелден Жайық өзенінің төменгі бөлігі мен Орал өзенінің солтүстігін мекендеп келген. Сондықтан киіктерді шекарадан өткізу туралы шешім қабылдаған.

«Расымен қазіргі таңда 1 млн бас киік Ресейге ауды. Бұл жағдайды бақылауды ұстап, қанша бас ауғанына мониторинг жүргізіп отырмыз. Ежелден бұл маңды мекендейтін киіктер Орал-Волга популяциясы деп аталған. Олар жазғы мезгілде Солтүстікке, Ресей территориясына ауатын. Соңғы жылдар БҚО-да киік саны артып кетті. Сол үшін біз Ресей үкіметімен шекараларды ашып, киіктердің тарихи мекендейтін жеріне көшуіне мүмкіндік бердік», – деді министр.

Ал Ресей киіктерді қызыл кітаптан шығарып, атуға рұқсат бермек. Министр мұндай шешімді көрші елдің өзі қабылдайтынын, әр елдің өз заңы бар екенін айтты. Айтуынша, қазіргі таңда Саратов облысында киіктерді атуға рұқсат берілген.

Сондай-ақ оқыңыз