Жаңалықтар

Утильалымның 53 млрд теңгесі 43 қоқыс полигонына жұмсалады

қоқыс полигоны
Утильалымның 53 млрд теңгесі қоқыс полигондарына жұмсалады / Фото: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Утильалымның 53 млрд теңгесі 11 өңірде 43 қоқыс полигонын салуға жұмсалады. Бұл туралы Үкімет сағатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

Полигондардың барлығы қоқысқа толып кеткен

Министрдің айтуынша, елдегі қоқыс полигондарының көбісі толып кеткен. Атап айтқанда, Атырау, Түркістан, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыс орталықтары мен Шымкент қаласының қоқыс полигондары 90%-ға толып қалған болса, Астана қаласында 98%-ға толған. Ал Жезқазған қаласында полигондар шамадан тыс толып кеткен.

Өңірлерде қалыптасқан бұл жағдайда реттеу үшін үкімет 100 жаңа құрылыс салу туралы шешім қабылдаған. Бұдан бөлек, 8 жұмыс істеп тұрған полигонның қуаттылығы арттып, 5 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны рекультивацияланады. Сондай-ақ 100 жаңа қоқыс полигоны салынады.

«Бүгінгі таңда әкімдіктер тек жетеуін салып, іске қосты. 23 полигонға құжаттама дайын, 18 полигон бойынша  әзірленуде», – деді министр.

Полигон салатын қаражат жоқ

Министр қалған 52 полигон бойынша әкімдіктердің мүлде жұмыс жүргізбегенін айтты. Абай облысында 22 полигон, Ақмола облысында 4 полигон, Солтүстік Қазақстан облысында 8 полигонның құжаттама мерзімі өтіп кеткен. Түзету мүлдем жоспарланбаған.

Әкімдіктердің жаңа қоқыс полигондарын қаржы тапшылығына байланысты сала алмаған. Осыған орай бұл шараларды утильалым есебінен қаржландыру көзделген.

«Жаңа полигондар құрылысы қаржыландыру тапшылығына қатысты жүргізілмейді. Осыған байланысты Министрлік утильтөлем есебінен қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтады, бұл 11 өңірде құны 53 миллиард теңгені құрайтын 43 полигон салуға мүмкіндік береді», – деді Нысанбаев.

Айта кетсек, утильалымның қаражаты Экологиялық кодексте көрсетілген 14 салаға жұмсалады. Яғни қаражаттың дені қоршаған ортаны сақтауға бағытталады.

2024 жылдың күзінде утильалымнан түскен қаражаттың 37 млрд теңгесі өртті ерте анықтау жүйелері мен тамыр жүйесі жабық орман тұқымбақтарын салуға жұмсалатыны айтылды.