Индонезияда есірткі саудасымен ұсталған екі қазақты өлім жазасы күтіп тұр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Индонезияда есірткі қылмысы үшін өлім жазасы қарастырылған / фото: shutterstock
Индонезияда есірткі қылмысы үшін өлім жазасы қарастырылған / фото: shutterstock

Индонезияда екі қазақ есірткі саудасымен ұсталды. Бұл елде есірткіге қарсы  екі айға созылған ауқымды операция жүргізіліпті.

Associated Press ақпаратына қарағанда, есірткіге қарсы ұлттық агенттік 285 адамның тұтқындалғанын, 0,68 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін жариялады.

Ұсталғандар арасында 29 әйел мен 7 шетелдік азамат болған. Агенттіктің мәліметінше, шетелдіктер арасында екі қазақстандық та бар. Қалғаны – АҚШ, Үндістан, Малайзия және Аустралия азаматтары.

Операция кезінде есірткі саудасымен байланысты екі ірі синдикаттың ақша жымқыру схемасы әшкереленіп, 26 млрд рупий (шамамен 1,5 млн доллар) көлемінде мүлік тәркіленген.

Ұсталғандардың дені – әйелдер, жұмыссыз, отбасылы, қарапайым адамдар. Агенттік басшысы әйелдерді онлайн таныстыққа абай болуға шақырып отыр.

Индонезияда есірткі қылмысы үшін өлім жазасы қарастырылған. Қазіргі кезде 530 адам өлім жазасын күтіп тұр. Оның ішінде 96 шетелдік бар.

Мұның алдында Иракта жазасын өтеп жатқан қазақстандық әйелдердің аштық жариялауын тоқтатқаны туралы хабарлаған едік.  

Сондай-ақ оқыңыз