Cobalt, Damas, Tracker, Haval, BYD: Өзбекстан бес айда 153,8 мың жеңіл көлік шығарды

Cobalt, Damas, Tracker, Haval, BYD көліктері Өзбекстанда көптеп шығарыла бастады. Бес ай ішінде 153,8 мың жеңіл көлік нарыққа түскен.
2025 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Өзбекстанда 58,9 мың Cobalt көлігі өндірілді. Өзбекстанның Ұлттық статистика агенттігінің мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға көп.
Маусым айының басында автомобиль зауыттары 38,7 мың Damas көлігін шығарды. Бұл 24,1%-дық жылдық өсім.
Onix үлгісінің өндірісі 8,8%-ға өсіп, 16,2 мың данаға жетті. Kia маркасының өндірісі де артып, 10 мың данаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,6%-ға артық.
Өзбекстанда Cobalt, Damas, Tracker, Haval, BYD көліктері құрастырылады.
2025 жылдың алғашқы бес айында зауыт конвейерінен:
18 мың Tracker,
2,9 мың Haval,
5,4 мың BYD көлігі шықты.
Жалпы алғанда, маусым айының басына дейін Өзбекстанда 153,8 мың жеңіл көлік өндірілген.
Мұның алданда Volkswagen көліктері Өзбекстанда шығарылатынын жазған едік.