«Жаңа адаммен жаңа үйде»: Жұлдыз Әбдікәрімова екінші рет күйеуге шықпақ па

Жарияланды 25 Маусым 2025 16:18

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Жұлдыз Әбдікәрімова екіұшты жазба жариялады / фото: ашық дереккөзі
Жұлдыз Әбдікәрімова екіұшты жазба жариялады / фото: ашық дереккөзі

Жұлдыз Әбдікәрімова екінші күйеуге шығатынын меңзегендей жазба жариялап, оқырмандарын аң-таң етті. Ол жаңа адаммен жаңа өмір бастамақ.

Онда Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа сатып алған, жөндеу жұмысы жүріп жатқан үйінің ішінде тұр.

Көрсеткені – неке жүзігі ме?

Жұлдыз «Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір» деп әлдеңені тұспалдайды және үйдің кілтін көрсетеді. Дегенмен саусағында кілт жаңа сыйға тартылған неке жүзігін еске түсіргендей ойға жетелейді.

«Әр қиындықта – жеңілдік, әр көз жаста – қуаныш, әр сабырлылықта – абырой жасырылған», – деп екіұшты ой тастаған.

Жұлдыз Әбдікәрімованың жанкүйерлері жаңа үйіне құтты болсын айтып жатыр.

«Торға қамалған жұлдыз»

«Тұншығып қалған махаббатты, өнерді, бәрін қанша жыл жасырып, Жұлдыз енді ғана жұлдыз болып жарқырады. Оның арманына ешкім көңіл бөлмеген. Сол кезде торға қамалғандай баласымен бірге ешкім жанын түсінбей, жарыққа шығара алмаған», – дейді оның тілекшілерінің бірі Назира Жұмағали.

«Қайрат Нұртаспен ажырасқан ба?»

Соңғы кездері жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті деген сөз жиі айтылып жатыр. Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында Қайрат Нұртас жалғыз келгені отқа май құя түсті.

Жұлдыз Әбдікәрімова екінші рет күйеуге шықпақ па, әлде, кейбіреулер айтқандай, «жаңа адаммен жаңа өмір» дегені құрсағындағы сәбиін меңзегені ме? Әзірге бұл сұрақтың басы ашық.

Мұның алдында Жұлдыз Әбдікәрімова ең алғаш гүл шоғын ұсынған адамның кім екенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз