Депутат зейнеткерлерге кредит беруге тыйым салуды ұсынды

Жарияланды 25 Маусым 2025 14:23

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Парламент депутаты кредит беру кезінде зейнетақы мен жәрдемақыны ескермеуді ұсынды / фото: shutterstock
Парламент депутаты кредит беру кезінде зейнетақы мен жәрдемақыны ескермеуді ұсынды / фото: shutterstock

Кредит беру кезінде зейнетақы мен жәрдемақыны азаматтың төлем қабілетін анықтау мақсатында ескеруге тыйым салу қажет. Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков осылай деп есептейді.

Парламенттің төменгі палатасы өкілінің айтуынша, сот орындаушылары зейнетақы мен жәрдемақының бәрін шешіп алып жүр. Депутат ұсынысы қабылданған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы табысқа жатпай, несие сұраушы азаматтың өтініші қабылданбауы мүмкін.

Стамбековтің айтуынша, Қазақстанда әлеуметтік жағдайы нашар 3,2 миллионан аса адам бар. Зейнеткерлер, мүгедектер, жарымжан бала асырап отырған отбасылар, әлеуметтік көмек алушылар осы санатқа жатады. Депутаттың пікірінше, олардың көбісі зейнетақы немесе жәрдемақыға өмір сүріп жүр. Бұл ақша кредитті төлеу үшін емес, тіршілік ету үшін бөлінген.

«Банктер, микроқаржы ұйымдары және ломбардтар несиені төлем қабілетін дұрыс бағаламай бере салады. Олар зейнеткердің зейнетақысын да табыс көзіне жатқызуы мүмкін. Содан кейін берешекті зейнетақыдан шешіп ала салады. Сөйтіп адамдар тіршілікке қажетті ақшадан қағылады», – дейді Стамбеков.

Ол нақты мысал келдірді. Сот Алматыда туғаннан мүгедек азамат Жантөре Қожабергеновтен «Сейф-Ломбард» пайдасына 15 млн теңге өндіріп беру туралы шешім шығарған. Енді жекеменшік сот орындаушылары оның зейнетақысын түгел шешіп алып жатыр.

Соған байланысты Стамбеков қаржы нарығын реттеуші агенттіктен, еңбек, әділет министрліктерінен осы санаттағы азаматтарға кредит беру мәселесін мұқият тексеруді сұрады.

Қазақстанда 2,5 миллионға жуық зейнеткер бар.

Сондай-ақ оқыңыз