
Алматыдағы Дулати көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
26 маусым күні сағат 22:00-ден бастап 27 маусым сағат 06:00-ге дейін Экологиялық бекет даңғылынан бастап Сапарлы жол көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.
Әкімдік жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылатынын айтады.
Алматы әкімдігі қозғалысқа шектеу қою жөніндегі ақпарат AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және 2GIS және «Яндекс карталарында» жарияланатынын атап өткен.
Бұған дейін, Алматының үш көшесінде көлік қозғалысы жаз соңына дейін шектелетінін жазғанбыз.