Kursiv.Media журналисі Айгерім Тукушева парламент сыйлығына ие болды

Интернет-басылым Kursiv.Media журналисі Айгерім Тукушева Қазақстан парламентінің қызметін көп жылдан бері тұрақты түрде жариялап жүргені үшін беделді парламент сыйлығына ие болды.
Айгерім Тукушева он жылдан астам уақыт бойы заң шығару үдерістерін зерттеп, өткір мәселелерді көтеріп, қоғам үшін маңызды тақырыптарды ашып көрсетіп келеді. Бұл оның іскерлік журналистиканың дамуына қосқан елеулі үлесін айғақтайды.
– 10 жылдан аса уақыт бойы парламент жұмысы туралы жазып келемін. Тек ақпарат беріп қана қоймай, қабылданған шешімдердің салдарын талдап, қолайсыз сұрақтар қойып, маңызды қоғамдық мәселелерді көтеруге тырысамын, – деді журналист.

2025 жылғы сәуір айында Айгерім Тукушева Қазақстандағы вейптердің қара нарығы туралы резонанстық зерттеу жариялаған. Ол орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. «Тыйым салынғанына бір жыл өтсе де, Қазақстанда вейптер есірткі секілді сатылады» деген атаумен шыққан бұл материал реттеудегі және бақылаудағы олқылықтарды көрсетіп, көлеңкелі сауданың өркендеуіне қалай жол ашылғанын әшкерелеген.
– Парламенттік журналистика тек ресми хроникамен шектелмеуі керек деп санаймын. Ол сыни тұрғыда ойлайтын, егжей-тегжейге мән беретін әрі қоғамға пайдалы болуға тиіс, – дейді журналист.
Салтанатты рәсім кезінде журналиске Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың қолынан «Парламент сөзі» мүсіншесі табысталды.
Бұған дейін, Kursiv.Media редакторы Гауһар Әлдібекова Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанып, Kursiv.Media тілшісі Рауан Мутаир үстел теннисінен өткен жарыста 1-орын алған.