
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев журналистердің «Қазақстанда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өте ме» деген сауалына жауап берді.
Әшімбаев қазіргі парламенттің заңнамалық күн тәртібі үлкен екенін атап өтіп, мерзімінен бұрын сайлау өткізуге негіз жоқтығын жеткізді.
«Парламент қызметі заңнамалық күн тәртібіне сай жүзеге асып жатыр. Осы сессия аясында үлкен заңдар қаралды. Алда да президент реформаларын жүзеге асыратын заңдарды қабылдау міндеті тұр», – дейді Әшімбаев.
Қазіргі парламент 2023 жылы көктемде жасақталған. Қазақстан парламентінің мерзімі 5 жыл.
Бұған дейін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ екенін айтқан.