
Жаз басталғанда Алматы тауларына шығатын адам саны артады. Алайда кәсіби альпинист болмағандықтан тауға шығу жеңіл әрі тез көтерілетін маршруттарды табу қажет. «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты назарларыңызға 2-3 сағат көлемінде еш қиындықсыз шығуға болатын шыңдарды ұсынамыз.
Жеңіл шөпті және топырақты жолдармен өтеді. Қиындығы төмен болғандықтан, жаңадан бастаған жаяу жүргіншілерге де, балалармен шыққан отбасыларға да өте қолайлы. Серуен барысында табиғатпен тынығып, әсем көріністерді тамашалауға мүмкіндік бар.
Медеу – Мохнатка маршруты
Мохнатка тауы бөгеттің үстінде орналасқан, оң жақтан анық көрінеді. Бұл жерден тау курортының әсем панорамасы ашылады, ал егер бинокль болса — көрініс одан да әсерлі болады.

Маршрут «Ақ-Бұлақ» аялдамасынан басталады. Алдымен асфальт жолмен жүреміз, бірақ оның соңына жетпей, солға бұрыламыз. Бұдан әрі жол бойында орнатылған бағыттаушы белгілерді басшылыққа аламыз. Аса биік емес өткелге жеткен соң, тағы да солға бұрыласыз. Маршрут жеңіл, жаңадан бастаушыларға да қолайлы. Қайтар жол — келген бағытпен төмен түсу арқылы жүзеге асады.
Талғар асуы (3200) – Чимбулачка маршруты
Бұл бағыт Талғар асуынан басталады. Комби-2 арқан жолымен көтерілген соң, солға қарай бұрыласыз. Соқпақ жол жақсы көрінеді, бағытыңыз айқын. Жол бойында тау жоталары мен шатқалдардың әсем көріністері ашылады.
Бағыт бойы күрделі учаскелер жоқ, бірақ биіктікке бейімделу маңызды. Маршруттың соңғы нүктесі — Чимбулачка шыңы, онда арнайы бағдарлық белгі орнатылған.
Қайтар жол — сол бағытпен кері түсесіз.
Медеу – Серікбай жотасы
Маршрут «Медеу» базалық станциясынан басталады. Арқан жол бағытымен жүріп, ақпараттық орталықтың жанынан өтесіз. Содан кейін қайың орманына кіріп, саты жолмен жоғары көтеріле бастайсыз.

Жол бойында бағдар белгілері орнатылған, сондықтан адасу қаупі жоқ. Орманды өткесін, жотаға шығасыз. Бұл жерде жол сәл тік болғанымен, аса қиын емес.
Жота бойымен жүру өте көркем: бір жағыңызда — Медеу шатқалы, екінші жағыңызда — Абай шыңының керемет көріністері ашылады.
Қызыл күркеден кейін де тоқтамай, Серікбай жотасына қарай көтерілуіңіз керек. Жотаның ең жоғары нүктесінде арнайы белгі болмаса да, жердің тегістелгені мен айналаның ашықтығы — межелі жерге жеткеніңізді білдіреді.