Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда BRT жобасын жүзеге асыруға байланысты Желтоқсан көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
27 маусым күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Бөгенбай батыр көшесі мен Жібек Жолы көшесінің аралығы көлік қозғалысына жабылады. Уақытша шектеу құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізіліп отыр.
Жүргізушілерге бұл аумақты Наурызбай батыр көшесі және Абылай хан даңғылы арқылы айналып өту ұсынылады.
Жөндеу жүретін аумақта арнайы ескерту белгілері қойылып, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған ақпараттық тақта орналастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Қозғалысты шектеу туралы толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, қала әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.