Польша 30 маусымнан бастап 4 күндік жұмыс аптасына ауысады

Польша 30 маусымнан бастап 4 күндік жұмыс аптасына ауысуды жоспарлап отыр. Жоба пилоттық режимде іске қосылады.
Пиолттық жоба бойынша жұмыс күні қысқарғанымен қызметкерлердің жалақысы өзгермейді. Осы мақсатта үкімет бизнесті қолдауға 1 млн злотый көлемінде субсидия беруді көздеп отыр. Үкімет бизнес иелеріне бірнеше нұсқа ұсынып отыр. Жұмыс берушілер 4 күндік жұмыс аптасына көше алады немесе 5 күндік жұмысты сақтай отырып, жұмыс істейтін уақытты 6 сағатқа дейін қысқартуы керек. Екеуіне де келіспесе, еңбек демалысының уақытын созуы тиіс.
Пилоттық жоба 2 жылға дейін жалғасады. 2027 жылы барлық кәсіпорын осы жүйеге ауысып, барлық жерде 4 күндік жұмыс аптасы енгізіледі.
Польша үкіметі бұл реформаның жұмысшылардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын, қызметкерлердің кәсіби тұрғыда жұмыстан жалығып кетпеуін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын түсіндірген. Сондай-ақ бұл шешім азамттардың жұмыс пен өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауына мүмкіндік береді.
Айта кетсек, бүгінгі таңда бірқатар елдер 4 күндік жұмыс аптасы режиміне көшкен. Солардың ішінде Жапония елі де бар. Мұндай шешім елдегі демогрфиялық көрсеткіштердің төмендеп кетуіне байланысты қабылданған. Сонымен бірге Бельгия, Германия, Исландия, Дания Испания, Нидерланды, Ұлыбритания сынды т.б. Еуропа елдері 4 күндік жұмыс күніне ауысқан.