Қазақстан Тәжікстанға астық экспортын арттырады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстаннан Иран мен Ауғанстанға астық экспорты қарқынды өскен
Қазақстан Тәжікстанға астық экспортын арттырады / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан Тәжікстанға астық экспортын арттырады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесіп, аграрлық салаға қатысты мәселелерді талқылаған.

Жиында өзара тиімді шарттар бойынша Тәжікстанға қазақстандық астық жеткізуді ұлғайту мүмкіндіктерін талқылап, аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге келіскен. Тараптар астық экспортын арттыруға ден қойған.

Қазіргі уақытта Қазақстан Тәжікстанға жыл сайын 1 млн тонна шамасында астық жеткізеді.

Соңғы жылдары бұл елге астық экспорты көлемінің артқаны байқалады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ деректеріне сәйкес, 2024 жылы Тәжікстанға 1,3 млн тонна астық жеткізілген. Бұл көлем 2023 жылғы көрсеткіштен 20%-ға артық. Ал 2025 жылдың басынан бері астық экспортының көлемі 1,2 млн тоннаны құраған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көлем екі есе артқан.

Сондай-ақ оқыңыз