
Үкімет ауылдарға интернет жеткізу үшін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен 42 млрд иен қарыз алады. Сенат құжатты мақұлдады.
Халықаралық банктен алынған қаражат есебінен 1123 елдімекенді интернетпен қамту көзделіп отыр. Жоба 2025-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылады
«Жобаны іске асыру тең қаржыландыру есебінен қамтамасыз етіледі. 50 пайызы – Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің 42 млрд теңге көлеміндегі қарыз қаражаты, 50 пайыз – жеке серіктестердің бірлесіп қаржыландыруы есебінен жүзеге асыралады. Бір кіші жобаға берілетін субсидияның ең жоғары сомасы – 500 мың АҚШ долларын құрайды», – деді депутат Бибігүл Аққожина.
Депатут бұл жобаның халықаралық стандарттарға сәйкес қатаң іске асырылатынын атап өтті. Айтуынша, қаражат отандық байланыс операторларына беріледі. Ол үшін отандық операторлар арасында ашық конкурс өткізу жоспарланып отыр. Аталмыш жобаға тек қаржылық тұрақты әрі кемінде 350 жеке абоненті бар компаниялар қатыса алады.
Бұл жоба жүзеге асырылса:
- жоба қала мен ауылдық өңірлер арасындағы цифрлық алшақтықты қысқартады;
- цифрлық инфрақұрылым дамыған сайын өңірлердің инвестициялық тартымдылығы артады;
- өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады.
Еске сала кетсек, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен 13 083 100 000 жапон иенін 12 жылға тиімді шарттарда алу көзделіп отыр. Банк қарызы 2028 жылдың көктеміне дейін жеңілдікпен беріледі.