Аятолла Хаменеи Иранды «жеңісімен» құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Иран көсемі аятолла Әли Хаменеи Израиль "сазайын тартады" деген / фото: REUTERS
Иран көсемі аятолла Әли Хаменеи Израиль «сазайын тартады» деген / фото: REUTERS

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи X әлеуметтік желісінде күтпеген жерден жазба жариялап, Иранды жеңісімен құттықтады.

Ол Тегеранды Израильге қарсы «жеңісімен» құттықтады. Араға уақыт салып, Иран телеарналарынан көрінген.

«Сионистік режим құлаудың аз-ақ алдында тұр. Ол Ислам Республикасының соққыларынан жаншылды», — деп мәлімдеді Хаменеи.

Айта кететін жайт, Иранға бұл қақтығыс оңайға түспеді. Жанжал кезінде – 12 күн ішінде 30-дан астам генералын жоғалтты. Олардың басым бөлігі – Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР), «Басидж» жасағы мен барлау қызметінің жоғары шенді офицерлері.

Иран көсемі бұл үшін Израиль «сазайын тартады» деп мәлімдеген.

Сонымен қатар, АҚШ Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасады. Израильдің арнайы қызметтері бұл шабуылдан келген залалды «айтарлықтай ауқымды» деп бағалап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз