Бейбіт елдердің индексі жарияланды – Қазақстан қай орында

Халықаралық экономика және бейбітшілік институты (IEP) жыл сайынғы «Жаһандық бейбітшілік индексін» (GPI) жариялады.
Биылғы рейтингте Қазақстан 56-орынға көтерілді. Өткен жылмен салыстырғанда 5 саты жоғары шыққан.
Орталық Азия мемлекеттері ішінде Қазақстан тұрақты түрде ең бейбіт ел ретінде аталып жүр. Көршілес елдердің рейтингіне тоқталса, Өзбекстан 67-орынды иемденіп отыр. Қырғызстан 78-орында. Одан кейін 79-орында Тәжікстан тұр. Түркіменстан 87-орынды алған.
Солтүстік көршіміз Ресей ең соңғы орынға жайғасыпты. 2025 жылғы есепке сәйкес, 163-орынды имденген Ресей әлемдегі ең агрессивті мемлекет ретінде танылды. Украина болса, 162-орынға орналасып, Ресейден бір саты ғана жоғары тұр.
Ең бейбітсүйгіш елдер санатына Исландия, Ирландия және Жаңа Зеландия кірген. Алғашқы үштікті бастап отырған – осы елдер.
АҚШ биыл өзгеріссіз қалған. Сол 128-орынды сақтап отыр.