Жаңалықтар

Қазақстан тумасы терроризмге көмектесті деген күдікпен Ресейде қамауға алынды

Қазақстан тумасы17 тамызға дейін қамауда болады /фото: KursivMedia мұрағаты
Қазақстан тумасы 17 тамызға дейін қамауда болады /фото: KursivMedia мұрағаты

Қазақстан тумасы терроризмге көмектесті деген күдікпен Ресейде қамауға алынды. Ол теракт жасауға жәрдемдесті деген күдікке ілікті.

Коммерсантъ ақпаратына қарағанда, Қазақстан тумасы Ярослава Чумакованы Санкт-Петербургтің Қызылгвардиялық аудандық соты уақытша ұстау изоляторына қамауға санкция берді.

Чумакова 17 тамызға дейін қамауда болады. Бұл туралы қала соттарының бірыңғай баспасөз қызметі хабарлаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, Ярослава Чумакова Ресей Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыстық іс аясында күдікті болып танылған. Ол «мемлекеттік органдардың жұмысын тұрақсыздандыру» немесе «жоғары лауазымды әскери қызметкерге әсер ету мақсатында жасалған террористік әрекетке» көмектесті деген айып тағылып отыр.

Қазақстан тумасы Чумакова 19 маусым күні ұсталған. Бірақ әзірге ресми айып тағылған жоқ. Сот отырысында ол үйқамаққа алынуды сұраған. Алайда қамауға алу туралы шешім шығарылды.

Бұған дейін «Ъ-СПб» басылымы да Чумакованы теракт жасауға көмектесті деген айыппен тұтқындалғанын хабарлаған еді.

Енді Ресейге кіретін қазақстандықтар үшін визасыз кіру тәртібі жеңілдемек.