«Кек пен заң» фильмі 50 жылдан кейін экранға қайта оралады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Кек пен заң» фильмі түпнұсқасында цензурадан өтпеген көріністер бар / фото: фильм скрині
«Кек пен заң» фильмі түпнұсқасында цензурадан өтпеген көріністер бар / фото: фильм скрині

«Кек пен заң» фильмі 50 жылдан кейін жаңа финалмен экранға қайта оралмақ. Түпнұсқада бұл туынды Sholay деп аталады.

ВВС ақпаратына қарағанда, бұл фильм – Үнді кинематографиясының ең культты туындысы.  975 жылы Рамеш Сиппи түсірген бұл эпос Болоньядағы (Италия) Il Cinema Ritrovato кинофестивалінде толықтай қалпына келтірілген.

Цензура өтпей қалған көріністер бар

Бұл фильм Кеңес одағында «Кек пен заң» фильмі деп аталды. Жаңа нұсқада бұрын цензура салдарынан алынып тасталған өшірілген көріністер де бар. Бастапқы финал қосылған.

Оны Piazza Maggiore алаңындағы ашық аспан астындағы экранда көрсету жоспарланып отыр. Бұл – Еуропадағы ең үлкен киноалаңдарының бірі.

Аңызға айналған оқиға

«Кек пен заң» фильмі сценарийін Салим-Джавед бірге жазған. Ұзақтығы – 204 минут. Басты рөлдерді Амитабх Баччан, Дхармендра, Хема Малини, Джая Бхадури, Санджив Кумар және аты аңызға айналған Амджад Хан (Габбар Сингх) сомдайды.

Оқиға желісі

Фильмдегі оқиға бойынша, екі ұсақ қылмыскер Джай мен Виру (Баччан мен Дхармендра) бұрынғы түрме қызметкері Такур Балдев Сингхтың тапсырысымен қатыгез бандит Габбар Сингхке қарсы күреседі. Бұл сюжет үнділік рухта жасалғаны анық. Десе де, батыстық вестерн мен самурайлық драмалардың да табы сезіледі.

Бізге көрсетілмеген эпизодтар

«Кек пен заң» фильмінің түпнұсқасында Такур Габбарды шегелі етікпен таптап өлтіреді. Бірақ цензорлар бұл сахнаға қарсы шыққан. Себебі, бұрынғы құқық қорғаушы тарапынан зорлық-зомбылық тым шектен шыққан деп бағаланыпты. Сондықтан, режиссер Сиппи цензорлар талабына сай қайта түсіруге мәжбүр болды. Габбар тек тұтқындалады. Осылайша фильм жалпыхалықтық прокатқа жолдама алды.

Мұның алдында «Патруль. Миссия Тамби» атты қазақстандық комедияның Ресейге арналған нұсқасы шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз