Сайранда демалушыларға айыппұл салына бастады

Сайранда демалушыларға Алматы полициясы айыппұл сала бастады. Өйткені келушілер аумаққа қоқыс тастай бастаған.
Айыппұл көлемі 19 500 теңгеге дейін жетуі әбден мүмкін.
CNM ақпаратына қарағанда, Алматы полициясы Сайран жағалауында күнделікті рейд жүргізіп жатыр.
Ресми түрде демалыс аймағы әлі ашылған жоқ. Бірақ аптапта су жағасына келіп, шомылып, ыстығын басқысы келетіндердің қарасы көп.
Адам көп жиналған жерде пластик бөтелкелер, орама қағаздар және басқа да қоқыстар қалатыны анық. Оларды әр жерге қалдырып, тазалыққа мән бермейтіндер де аз емес.
Ол аз болса, Сайран суының бетінде қалдықтар қалқып жүзіп жүргенін көруге болады.
Полиция дерегіне қарағанда, кеше 20 адамға айыппұл салынған. Бұл бастамасы ғана.
Сайран маңында қоқыс жәшіктері мен дәретханалар мүлде жоқ.
Айта кететін жайт, көлде кеше кәмелетке болмаған бала суға кетті.