
Енді айырбастау пункттерінде 200 мың теңгеден жоғары сомадағы қаражатты айырбастағанда, жеке куәлік сұратуы мүмкін. Сондай-ақ клиенттің аты-жөнін арнайы реестрге енгізеді. Бұл жайлы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялаған құжатта жазылған.
«Қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларының 51-тармағына және КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-1-тармағының 1) тармақшасына валюталарды қолма-қол ақша нысанында 200 мың ₸ дейін айырбастау кезінде клиентті сәйкестендіру шегін төмендету арқылы түзетулер енгізілсін», – деп жазылған заң жобасында.
Қазір таңда Қазақстанда валюта айырбастау кезінде 500 000 теңгеден жоғары сомаға операция жасалса, клиент міндетті түрде жеке куәлік көрсетіп, сәйкестендіруден өтуі тиіс. Енді ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, бұл шек 200 000 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
Агенттік түсіндіруінше, бұл өзгеріс қаржы жүйесіндегі күмәнді операцияларды ертерек анықтап, кірістерді заңдастыру мақсатында жасалып отыр.