Банк пен қаржы

Алаяқтар бір адамның атына 500 картаға дейін рәсімдеген

Фото: ашық дереккөзден

Нарықта бір клиентке 500 картаға дейін рәсімдеген фактілер болған. Осындай жағдайлардан кейін картаны ашу кезінде клиенттерге қойылатын талаптар күшейді. Бұл жайлы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің парақшасында жазылған.

Бір адамға оннан көп карталарды рәсімдеуді агенттік алаяқтық белгісі деп таныған.

«Барлық банктерде бір клиентке 5 төлем карталарын шығаруға шектеулер қойылып, олардың мониторингі онлайн режимінде қамтамасыз етілді. Нәтижесінде 10-нан астам карта ұстаушылардың саны 10 мыңнан 1 мың клиентке дейін қысқарды», – деп жазылған жарияланған құжатта.

Алаяқтық жағдайлар жиі тіркелгеннен кейін банктер мен төлем ұйымдары дропперлерді анықтау бойынша типология әзірленді. Оның аясында:

  • жаңа клиенттерді биометриялық сәйкестендіру енгізілді
  • күдікті операцияларды жүргізуден бас тартады
  • карта мен электронды әмияндарды үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілік күшейді

Өзгелердің атына карта рәсімдеп, ақшаны шоттан алаяқтықпен шығаратындарды дропперлер деп атайды. Олардың алаяғына түспеу жайлы толығырақ мына жерден оқуға болады.

Мәжіліс депутаттары жақында дропперлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынған еді.