Жаңалықтар

Ақмолада 62 млн долларға сүт кешені салынады

Фото: invest.gov.kz

Ақмола облысында Biolife Proprevit атты экосүт кешенінің құрылысы басталды. Инвестиция көлемі 62,5 млн доллар құрайды деп хабарлайды ауыл шаруашылық министрлігі.

Емдік-профилактикалық азық-түлік пен алкогольсіз сусындарды өндіру бойынша кешен «Қоянды» өнеркәсіп аймағында орналасады. Аумағы 12,6 гектарды құрайды.

Кәсіпорын сүт және сүт қышқыл сусындары, шырын, жеміс езбесі және пребиотик, пектин мен дәрумендермен байытылған балалар тағамын шығарады. Жоба нәтижесінде 100 жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.

Жоба инвесторы – БАӘ-нен шыққан халықаралық Exim Finance инвестициялық компаниясы. Әлемнің 38 елінде жұмыс істейді.

Зауыттан шыққан өнімдер ішкі нарыққа ғана емес, ЕАЭО, Еуропа, Таяу Шығыс, Қытай, Түркия және Африка елдеріне экспортталады деп уәде береді.

Осыған дейін германиялық «Knauf» компаниясы құрғақ гипс қоспаларын шығаратыны жайлы жазған едік. Инвестиция көлемі 30 млн доллар құрайды, зауыт Жамбыл облысында орналасады.