Мемлекетке қайтарылған қаражатқа биыл 28 мектеп салынады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жемқорлардан қайтарылған қаражатқа 89 мектеп салынады/коллаж kursiv.media

Жемқорлардан қайтарылған қаражатқа елімізде 100 мың оқушыға лайықталған 89 мектеп салынады. Қазірге дейін 61 мектеп пайдалануға берілген, ал 2025 жылы тағы 28 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Қайтарылған активтерден Білім инфрақұрылымын қолдау қорына 153,3 млрд теңге аударылған.

Мәселен Алматы қаласында «Maisat» бизнес-орталығы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ меншігіне берілді;

құны 7,9 млрд теңгеден асатын «KaisarTower» бизнес-орталығы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің иелігіне тапсырылды;

құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының балансына берілді; Астанада құны 5 млрд теңгеден асатын 3 жеке үй Астана қаласы әкімдігінің мүгедектігі бар балаларға арналған «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-не берілді.

Сондай-ақ оқыңыз