Жаңалықтар

Алматыда әскерилерге қылмыстық іс қозғалды

Алматыда әскери комиссариат қызметкерлеріне іс қозғалды/фото: shutterstock

Алматыда әскерилер қызмет өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қорғаныс саласына қатысы бар бірқатар жоғары лауазымды азаматтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі ақпаратты растады.

«Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 451-бабы (билікті немесе қызмет өкілетін асыра пайдалану) бойынша Қорғаныс министрлігінің Алматы қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр», – делінген ақпаратта.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге мәлімет жарияланбайды.