Қазақстандық сотта «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясын жеңіп шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
правительство для граждан
Жоғарғы сот азаматтың талап-арызын қарады/фото: gov4c.kz

Жоғарғы сот «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ төрағасының атына жеке ұйғарым шығарды. Оған филиалдағы заң бұзушылық әрекет себеп болған.

Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы азаматтың талап-арызын қарады. Сот барысында талап қоюшы КЕАҚ-ға мүлікті сату-сатып алу шартын мемлекеттік тіркеу үшін құжат тапсырғаны, бірақ шарттың нотариалды куәландырылмағандығына байланысты КЕАҚ-дан пәтерді тіркеуден бас тарту туралы хабарлама түскені анықталды.

Талап-арызды бұған дейін жергілікті соттар қараған. Олар жеке сот орындаушысы мен электрондық аукционның жеке жеңімпазы арасында жасалған жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын нотариалды куәландыру қажет емес екенін анықтаған. Оның үстіне, заңнамада оны тіркеу үшін басқа құжатты ұсыну қарастырылмаған.

Осылайша бұған дейін шыққан шешім өзгеріссіз қалды.

Жоғарғы сот коммерциялық емес акционерлік қоғамның азаматтан заңда белгіленбеген талаптарды орындауды талап еткенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін алматылық түлек Медина Майсар соттың барлық сатысында Ғылым және жоғары білім министрлігінен жеңілді.

Сондай-ақ оқыңыз