Жоғарғы сотқа жүгінетін азаматтарға қандай жағдай жасалған

Конституциялық сот атқарылған жұмысты қорытындылады. Соған сәйкес Жоғарғы сотқа жүгінген азаматтар мемлекеттік бажды кейін төлеу мүмкіндігі берілгенін хабарлады.
Сондай-ақ мемлекеттік баж мөлшері реттелгенін мәлімдеді.
«Соттардағы мемлекеттік баж бюджетке төленетін міндетті төлем, бірақ бұл орындалатын жұмыс, көрсетілетін қызмет, ұсынылатын мүлік үшін төленбейді», – делінген құжатта.
Ал Салық кодексінің 610-бабына сәйкес (Конституциялық соттағы және соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері) мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат беру кезінде азамат тиісті соманың 50 пайызын төлейді. Ол осы баптың бірінші тармағында көрсетілген.
Конституциялық соттың 2023 жылдың 22 ақпанындағы №3 нормативтік қаулысына сәйкес, кодекстің бұл бабындағы әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау жөніндегі конституциялық құқыққа нұқсан келтіруге және оны шектеуге алып келетін «осындай даулар бойынша әкімшілік талап қою, талап арыз (арыз) берілген кезде» деген сөздер Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған.
Алайда салық кодексіне түзетулер енгізілгенге дейін жеке тұлғалардан сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатынан мемлекеттік баж белгіленген соманың тең жартысы мөлшерінде алынады.
Айта кетейік, жаңа Салық кодексі президенттің қол қоюына жолданды. Құжатқа қол қойылған соң, заң 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуге тиіс.