Жаңалықтар

Маңғыстауда 10 қыз әкесінің 60 жылдығына Ақтаудан пәтер сыйлады

Маңғыстауда 10 қыз әкесінің 60 жылдығына Ақтаудан пәтер сыйлады
Маңғыстауда 10 қыз әкесінің 60 жылдығына Ақтаудан пәтер сыйлады

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Қызан ауылының тұрғыны Шалғын Өтеғұловтың 60 жылдық мерейтойы ерекше тосынсыймен атап өтілді. Оның 10 қызы әкесіне жаңа пәтер сыйлап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлады Stan.kz басылымы.

Мерейтойды ерекше өткізу үшін отбасы бір жыл бойы дайындық жүргізген. Әрбір қыз өз қалтасынан қаржы жинап, ортақ мақсатқа қолдау көрсеткен. Ақтаудан пәтер іздеуге егіздер Әмина мен Әлина белсенділік танытқан. Бұл туралы үлкен қыз Жақсыгүл Шалғынқызы айтып берген.

– 2021 жылы әкемізге LADA Niva сыйлағанымыз әлеуметтік желілерде кеңінен таралған болатын. Бірақ біз ешқашан атақ-даңқты көздеген жоқпыз, басты мақсатымыз – әкемізді қуанту еді. Біз қарапайым ауылдық отбасынан шыққан он бір баламыз. Ата-анамыз шулы өмірді емес, тыныштықты қалайды, – дейді Жақсыгүл Шалғынқызы.

Жаңа пәтер – он қыздың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Қыздар анасын да ұмытпай, алтын білезік тарту еткен.

Бұған дейін, Аша Матайдың әкесіне жасаған тосынсыйы елдің жүрегін елжіреткен еді.