Жаңалықтар

Грант конкурсына қай күндері құжат қабылданатыны белгілі болды

Грант конкурсына құжат қабылдау қай күндері жүретіні белгілі болды
Грант конкурсына құжат қабылдау қашан басталады/Фото: shutterstock

Ұлттық тестілеу орталығы биыл грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылатынын хабарлады.

Орталық құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болатынын атап өтті.

Грант конкурсына қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:

  • жеке куәлік;
  • ҰБТ сертификаты;
  • 3х4 көлеміндегі фото;
  • орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
  • жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;

B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.

Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына хабарласуға болады.

ҰБТ-ның соңғы аралық қорытындысының нәтижесіне сай, тестілеуді түлектердің 74%-ы – қазақ тілін, 26%-ы – орыс тілін таңдаған. Ал 221 талапкер ағылшын тілінде тапсыруды ұйғарған.

Бес апта қорытындысына қарағанда, олардың 70%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 66 болып отыр. Түркістан облысының тумасы Жәнібек Әбілхан 140 балл жинап, ең жоғары нәтиже көрсетті.

Қазақстандық математик Жәнібек Әбілханға автокөлік сыйлаған.