Үкімет 2,5 млрд доллар борышты ескі қарызды жабу үшін алған

Үкімет 2,5 млрд доллар борышты ескі қарызды жабу үшін алған. Бұл туралы Парламент кулуарында Қаржы министрі Мәди Такиев айтты.
Парламент кулуарында журналистер Қазақстанның еурооблигация орналастырып, нарықтан 2,5 млрд доллар тартуы сыртқы қарызды одан әрі көбейтін жібермей ме деп сұрады.
Министр Қазақстан тағы да бағалы қағаз шығарып, сыртқы борышты азайтып жатыр деп тұжырымдады. Бұл қаржы бұған дейінгі қарызды қайта құрылымдау үшін алынған.
«2025 жылы 2,5 млрд доллар көлемінде қарзы алынған. Біз соны қайта құрылымдадық. Бұрын оның пайызы 7,6 болса, қазір бұл ақшаны 5 пайызбен алдық. Яғни несие шарттарын жақсарттық», – деді министр.
Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңгені құрайды. Елдің жалпы ішкі өніміне қатысты үлесі 21,2 пайызға тең.
Қазақстан 2025 жылғы 24 маусымда халықаралық қаржы нарығына 2,5 млрд доллар еурооблигация шығарған. бағалы қағаздар 7 және 12 жылға орналастырған.
Еурооблигациялар Лондон қор биржасында, Астана халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында сатылды.