
2025 жылғы мамыр айында екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) теңгедегі депозиттің орташа сыйақы мөлшерлемесі 14%-дан 14,3%-ға дейін өсті. Бірінші несие бюросының мәліметінше, бұл – 1996 жылдың желтоқсанынан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш.
Ұлттық банк дәл осы айдан бастап депозиттер бойынша мәліметтерді жүйелі түрде тіркей бастаған.
Қандай депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі жоғары?
Мамыр айында 1 -3 айға аралығында ашылған депозитер ең табысты болған. Бұл депозиттер бойынша орташа мөлшерлеме бір айда 0,5 пайыздық пунктке өсіп, 16,4%-ды құрады.
Ал заңды тұлғалар үшін депозит мөлшерлемесі өзгеріссіз қалған. Сәуірдегідей мамырда да 15,4% деңгейінде болды.
Қазақстандықтардың депозиттегі ақшасы 5 айда 1 трлн теңгеге өскен. 2025 жылдың қаңтарында депозитте сақталған қаржы көлемі 40,4 трлн теңге болса, мамырдың соңында ол 41,4 трлн теңгеге жеткен.
Кредиттердің орташа пайызы қандай?
Екінші деңгейлі банктердің несие мөлшерлемелері де назар аударарлық:
Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге берілетін несие бойынша орташа мөлшерлеме 21,5% құрайды.
Ал заңды тұлғалар үшін несиелер арзандай бастаған: сәуірдегі 19,1%-дан мамырда 18,8%-ға дейін төмендеді. Бұл өзгеріс бірнеше сегментке тән. Мәселен 1-3 айлық, 3 айдан 1 жылға дейінгі және 5 жылдан ұзақ мерзімді несие бойынша да мөлшерлеме түскен.
Бұл ретте Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесі биыл наурыз айынан бері 16,5% деңгейінде өзгеріссіз қалып отыр.